АҚШ президентінің әкімшілігі Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде (ҰҚК) ауқымды қысқарту бастады. Ондаған қызметкер жұмыстан босатылған. Мұндай ақпаратты өз дереккөздеріне сүйеніп, Washington Post, Reuters және CNN хабарлады.
БАҚ сөйлескен адамдардың айтуынша, қысқарту әкімшілік тағайындаған қызметкерлерге де, Мемлекеттік департаменттен, Пентагоннан және басқа да мекемелерден уақытша жіберілген шенеуніктерге де әсер еткен.
CNN мәліметінше, 100-ден астам ҰҚК қызметкері әкімшілік демалысқа жіберілген. Олардың арасында маңызды геосаяси мәселелер бойынша мамандар да болған деп хабарлады Reuters. Оларға ҰҚК-дегі қызметтен қысқартылғаны туралы хабарлама жұма, 23 мамырда жұмыс күні аяқталар алдында берілген. Олардың көпшілігі бұрынғы өз мекемелеріне оралуы мүмкін деп жазды агенттік.
Қысқартуларды АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші қызметін қоса атқаруға кіріскеннен кейін басталған. Оған дейін ҰҚК кеңесшісі болған Марк Уолтц құпия ақпараттар Signal чатында жария болып кетуіне байланысты отставкаға кеткен. Әлгі чатқа Atlantic басылымының бас редакторы Джеффри Голдберг кездейсоқ қосылып кеткеннен кейін үлкен шу шыққан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Трамп Майкл Уолтцты ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі қызметінен босаттыҚысқартуды құптайтын ҰҚК құрамы алдыңғы президенттердің тұсында айтарлықтай ұлғайған дейді. Мысалы, кіші Джордж Буштың тұсында қауіпсіздік кеңесінде 204 адам, Барак Обама президент болған кезде – 222, Джо Байден әкімшілігінде – 186 адам жұмыс істеген. Дональд Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде ҰҚК-де 119 адам болған. Қазір олардың санын, әкімшілік қызметкерлерін есептемегенде, 50-60 адамға дейін қысқартқысы келеді.
Washington Post дереккөздері ҰҚК тиімді жұмыс істеуі үшін Ақ үй ұлттық қауіпсіздікке жауапты басқа агенттіктерге көбірек өкілеттік беруі қажет екенін айтады. Алайда Дональд Трамптың басқару стиліне байланысты, оның іске асуы екіталай деп жазды басылым.
Ақ үй ҰҚК-дегі қысқарту жайлы ақпараттар әзірге түсініктеме берген жоқ.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ БАҚ: АҚШ мемлекеттік департаментінің бюджеті екі есе қысқаруы мүмкін