2005 жылғы 13 мамырда Өзбекстанның жаңа заман тарихында "Әндіжан қырғыны" деген атауға ие болған оқиға болды. Жергілікті бір топ кәсіпкердің сот ісі жаппай наразылыққа ұласып, биліктің халыққа оқ атуымен аяқталды. Қазір әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын куәгерлер қанды қырғынды еске алғысы келмейді.